Воскресенье, 23 Июнь 2019 14:17

Түркістан облысы: жетісайлықтар бақша өнімдерінен мол өнім жинады

Биыл Түркістандық шаруалар жалпы 61,4 мың гектар жерге қауын мен қарбыз екті. Өңірде өндірілетін бақша өнімдерінің 44 пайызы Мақтарал мен Жетісай аудандарының үлесінде.Бұл аудандар бақша дақылдарын жинауда жыл сайын рекордттық көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.

Жетісай мен Мақтарал аудандары бақша дақылдарын өсіруге тиімді.Соған байланысты қауын-қарбыз егетін қожалықтардың қатары күн өткен сайын артып келеді.Биыл жетісайлық диқандар 16мың гектардан астам жерге бақша  4,5 мың гектарға көкөніс дақылдарын егіп өнімін жинауда.

«Бүгінде Жеітсай ауданының диқандары ерте пісетін қырыққабаттан 35 тонна өнім алды.Сондай-ақ 5 мың тоннадан астам қарбыз,1,5 мың тонна қауын жинап алды.Ерте жетілетін бақша  дақылдарынан да мол өнім алды» - дейді Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Әбуов.

Былтырғы жылғы өнімділік туралы сөз етер болсақ, жетісайлық диқандар өткен жылы 426 мың тонна бақша өнімдерін жинаған болатын. Соның 300 мың  тоннадан астамын Ресей мемлекеті мен  еліміздің солтүстік аймақтарына да жөнелтті.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 725 times