Жұмыс тобы 3 бағытқа бөлініп, Төлеби ауданындағы алдыңғы қатардағы бірнеше ауыл шаруашылығы саласындағы нысандарды көріп, танысты. Одан кейін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында қала, ауылдық округ әкімдерімен, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, ветеринария бөлімінің басшылары және сала мамандарымен жиын өткізді.
Жиналыста Төлеби ауданында үшжақты келісім индикаторларының орындалу барысы, іске асырылып жатқан жобалар туралы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаевпен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов баяндама жасады.
Баяндамадан соң облыс әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы сөз алып, мәжілісте көтерілген мәселенің іске асырылу жолдарын түсіндіріп өтті.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.