Четверг, 11 Июль 2019 15:03

Сарыағаш ауданында 9 мыңнан астам азамат өз бетінше кәсіп ашқан

Көпбалалы және табысы аз отбасыларға үкімет тарапынан қаржылай атаулы әлеуметтік көмектің берілуі Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 9 мыңнан астам азаматтың өз бетінше кәсіп етіп, табыс табуына мүмкіндік жасады. Сондай-ақ, биыл тағы 7 мыңнан астам отбасын жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік жоспар түзіліп отыр.

Оларға қайтарымсыз қаржы беру арқылы кдейшіліктің қамытынан біржола құтылуына мүмкіндік жасалмақ. Нұрбек Бейсенбай әлеуметтік көмектің арқасында бағбан болды. Ауласына жылыжай салып, онда гүлдің 30-дан аса түрін өсіреді. Аумағы алаңқадай болатын жабық кешенде жұмыс қызу. Қыста гүл көшеттерін дайындады. Қазір дайын өнімді шетінен сатып жатыр. Осы кәсіптің арқасында қазір көп балалы отбасының тұрмысы оңала бастаған. «Гүлдің түр-түрін егемін. Үй гүлдерін де өсіремін. Мысалы, мына гүлдерді Санкт-Петербургке жіберуім керек. Алматыдан хабарласып, үйден келіп алып кетеді. Өзімнің тұрақты клиенттерім бар» - дейді ол.

Ал үкіметтің қаржылай қолдауын алған Арман Бердалиев жалдамалы жұмысын қойды. Інісімен бірігіп, аудан орталығынан ағаш шеберханасын ашқан. Ағаштан табақ, астау, тегене, шөміш, кесе сияқты ыдыс-аяқтар жасайды. Тапсырыс болса бесік пен ер-тұрман да шабады. «Әлеуметтік көмектен 450 мың теңге алдым. Інім 550 мың алды. Сонымен екеуіміз ақшамызды біріктіріп, ұстахана ашып, станоктар алып жұмысты бастап жібердік» - дейді Сарыағаш қаласының тұрғыны Арман Бердалиев.

Кәсіп етіп, табыс табамын деген осындай азаматтарға былтыр 1 миллиард теңгеден астам қаржы берілген. Бұл ақшаны алғандардың көпшілігі мал өсірумен айналысып жатыр. Сондай-ақ тігін ательесі, шаштараз, жиһаз жасау цехтарын ашқандар да бар. Динара Динашова Сарыағаш ауданы Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры: «2018 жылы жаңа форматтағы Осы күнге дейін 9 мың отбасы қатысқан болатын. Соның 6,5 мыңы кедейшілік шегінен шығып отыр. Отбасылық табысты арттырды. Жұмыспен қамтылды. атаулы әлеуметтік көмек іске асырылды. Жалпы 200 мыңнан астам халқы бар Сарыағаш ауданында кедейлік шегінде өмір сүріп жатқандар тізіміне 8 мың 268 азамат іліккен. Оның жартысынан көбі көпбалалы аналар. Оларға атаулы әлеуметтік көмек талаптарын түсіндіру үшін тұрақты қабылдаулар өткізіліп келеді. Сондай-ақ әдістемілік құрал ретінде 6 мың кітапша дайындалып, таратылған»

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 627 times