Понедельник, 15 Июль 2019 12:09

Түркістанда қоқысты қайта өңдеу ісімен финляндиялық компания айналыспақ

Түркістанда қоқысты қайта өңдеу ісі қолға алынатын болады. Бұл жайында қала әкімі Рашид Аюповтың Финляндиялық МариМатик концерні басшылығымен кездесуінде мәлім болды.

  1. Қос тарап ауқымды жобаны жүзеге асыру жолдарын талқылады. МариМатик - негізінен қоқысты қайта өңдеу бағытынан әлемдік озық технологияны жасақтаған бірден бір компания. Кездесуда компанияның директоры Валентина Вакалова автоматтандырылған жүйенің тұрғындар үшін тиімділігі көп екендігін айтты. Қоғамдық және тұрғын үй массивтеріне қойылатын жәшіктерге түсетін қалдықтар құбырлар арқылы орталық станциядағы контейнерлерге нығыздалып, кейін тасымалдағышпен өңделуге жөнелтіледі.

Бұл жүйеде электр қуатын үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар үшін тиімділікті сақтау секілді барлық жағдайлар ескерілген. Жоба бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде, Ресейде, Финляндияда жүзеге асырылған. Компания басшылығының ұсынысын тыңдаған қала басшысы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен қаланың бас сәулетшісіне жобаны жүзеге асыруға болатын қолайлы орындарды қарастыруды тапсырды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 444 times