Понедельник, 15 Июль 2019 14:05

CG Group компаниясы Түркістан облысында қонақ үй салуға ниет білдірді

Бүгінгі таңда Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы «Қасқасу» тау шаңғы курортының жобасы бойынша CG Group компаниясы қонақ үй кешендерін салуға қызығушылық танытып отыр.

Жалпы курорт аумағы 2 негізгі аймаққа бөлінген: тау шаңғысы инфрақұрылымы бар жоғарғы базасы (шаңғы трассалары, арқан және дөңес жолдар, көтергіштер, сервистік ғимараттар) 1 910-ден 3 200 метрге дейінгі биіктікте; төменгі база (қонақ үйлер, мейрамханалар, аквапарк,ойын, спорт және жаттығу орталықтары) 1600-ден 1900 метрге дейін биіктікте. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі заманғы тау-шаңғы курортының құрылысы өңірдегі жаппай тау-шаңғы спортын дамытуға серпін береді, отандық туризм индустриясы қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде келушілер саны 110 мыңнан 140 мың адамға дейін артады деп күтілуде. Бұдан басқа, Қазақстанда туризмді дамыту жөніндегі 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында «Қасқасу» тау шаңғы курортының жобасы республикалық маңызы бар «Қазақстанның туристік картасы» ТОП – 50 нысанының тізіміне енді. Сондай-ақ Түркістан облысын дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 459 times