Вторник, 16 Июль 2019 12:50

Түркістан: Ордабасы ауданы өнеркәсіп саласы бойынша үшінші орынға шықты

Ордабасы ауданында өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда тартылған инвестиция көлемі артқан. Ордабасы ауданы 2019 жылдың 5 айында өнеркәсіп саласы бойынша 8 млрд. 060 млн. теңгеге өнім өндірген. Бұл көрсеткіш бойынша аудан облыс көлемінде 3-орынға ие.

Ауданда өнеркәсіп өнімін өндіретін кәсіпорынның саны қазіргі таңда 31-ге жетіп отыр. Бүгінде аудан бойынша даму бағыты айқын емес, тоқтап тұрған өндірістік кәсіпорын жоқ. Биыл өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты өнім көлемі 7 млрд.366 млн теңгені құраса, тартылған инвестицияның жалпы көлемі 5 млрд. 499 млн. теңгені құрап отыр. Инвестиция тарту бойынша өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125,7% артқан. Ал, аудан бойынша экспорттаушы кәсіпорындардың саны 6 бірлікті құрауда.

Атап айтқанда, «Ордабасы құс» күрке тауық етін, «Аделя» шаруа қожалығы көкөніс, «Нұр Агро» ЖШС мақта талшығын,«Ордабасы нан» ұн өнімін, «Сейітбек әулеті» шаруа қожалығы қызыл мия дәрілік сұйықтық қоспасын алыс-жақын шетелдерге экспорттауда. 2019 жылы ауданда тағы бір жобамен толығады. Ол «Green Technology Industries»ЖШС кезеңі (ІІ кезеңі) жылына 3000 тонна ПЭТ қалдықтарды шығару және штапельді талшық өнімін экспортқа шығаруды жоспарлауда.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 662 times