Пятница, 05 Июль 2019 15:53

Түркістан облысы әкімдігі мен «ABAD» қоғамдық ұйымы арасында келісім жасалды

Бүгін Әзірбайжан Республикасының Президенті жанынан құрылған азаматтарға және әлеуметтік инновацияларға қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік агенттігі, «ABAD» заңды тұлғасы мен Қазақстан Республикасы, Түркістан облысының әкімдігі арасында қолөнер саласындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық келісім жасалды. Келісімге «ABAD» ұйымының директоры Руфат Эльчиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қол қойды. 

Құжат Әзірбайжан елінің АВАD моделінің негізінде Қазақстан Республикасының Түркістан облысында халықтық сәндік-қолданбалы өнер саласында шағын және микро кәсіпкерлікті дамыту үшін ынтымақтастықты көздейді.

Түркістан облысының делегациясы Әзірбайжан қолөнершілерінің бірінші республикалық фестиваліне қатысып, Қазақстан мен Әзірбайжан мәдениетінің өзара тығыз байланыста екенін атап өтті. Әзірбайжандықтар Түркістан облысы делегациясының сапары нәтижесін жоғары бағалады.

Сонымен қатар осы сапарында Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев Түркістан қаласындағы «Шығыс» базарының құрылысы бойынша әлеуетті инвесторлармен кездесті. Әзірбайжан инвесторлары бұл салаға да қызығушылық танытты. Алдағы уақытта осы ынтымақтастықты егжей-тегжей талқылау және өңірде инвестициялық жобаларды іске асыруды бастау үшін жауапты сапар жоспарланып отыр.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 409 times