Суббота, 06 Июль 2019 10:48

Түркістан облысы: Кентауда құрылыс қарқын алып келеді

Бүгінде Кентау қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің аулаларындағы ішкі жолдарына құрылыс жұмыстары басталып кетті. Мамандардың айтуынша, кезең-кезеңімен жүріп жатқан құрылыс әр жыл сайын жүзеге асырылып, барлық ауланың ішкі жолдарын реттеу жоспарланған. 

 Сонымен қатар Кентау қаласының 7 үлкен көшесіне толықтай жөндеу жұмыстары басталады. Жол қауіпсіздігін сақтау бағдарламасы бойынша 110 жол белгілерін орнату жұмыстары атқарылмақшы. Логинов, Құралбаев, Рысқұлов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары, Ясауи даңғылына аяқ жол орнату жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде Сейфуллин, Ясауи, Қонаев, Панфилов, Б.Момышұлы, Әл-Фараби, Бекенов, Уәлиханов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжат әзірленіп, облыстық бюджет есебінен қаржы бөлдіруге ұсыныс берілген екен. Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, аталған көшелерге толықтай орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Демек, Қаратау тәжі саналатын шаһардың инфрақұрылымы заман талабына сай жандана бермек.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 927 times