Среда, 17 Июль 2019 15:53

Түркістан: «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша аймақтық жобалық кеңсенің отырысы өтті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың басшылығымен «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту шеңберінде басым жобаларды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру мониторингі бойынша аймақтық жобалық кеңсенің отырысы өтті. Өңірлік жобалық кеңсенің отырысына екінші деңгейлі банктердің басшылары мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы қатысты.

Отырыс барысында екінші деңгейдегі банктердің өкілдері бағдарламаның іске асырылу барысы туралы баяндады. Сондай-ақ кейбір банктердің төмен белсенділігіне және бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының өтінімдерін қарау және мақұлдау процесінің ұзақтығына байланысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, әкім орынбасары «Еуразиялық Банк» АҚ «Сбербанк» АҚ» ЕБ, «Forte Bank» АҚ филиалдарының белсенділігінің төмендігін атап өтті, олар бүгінгі күні бірде-бір өтінімді қарады. Сондай-ақ бағдарламаға енгізілген түзетулерге сәйкес, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалы енді ЕДБ-мен қатар бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының жобаларын кредиттеу тетігіне қатысатын болады.

Осыған байланысты Мейіржан Мырзалиевпен филиалға бағдарламаны іске асыруға белсенді түрде қосылу және жобалардың әлеуетті пулын қарауды жеделдету (66 млрд. теңге сомасына 200-ге жуық жобалар) тапсырмасы берілді. Жиын соңында әкім орынбасары Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасына ЕДБ және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдармен бірлесіп, кәсіпкерлердің өтінімдерін жедел қарау және өңдеу үшін жұмыс тобының отырыстарын өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар қалада ЕДБ қатысуымен апта сайын жобалық кеңсенің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Бүгінде Түркістан облысы «Қарапайым заттар экономикасын» жүзеге асыру бойынша алдыңғы қатарда келеді. Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының саны бойынша 1-орын (66 млрд. теңгеге 186 жоба), жобалар пуласы бойынша ЕДБ қарауында 1-орын (11,7 млрд. теңгеге 20 жоба), бағдарлама қаражатын игеру бойынша 1-орын (9,1 млрд. теңге), ал мақұлданған жобалар саны бойынша 6-орын алады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 497 times