Четверг, 01 Август 2019 15:46

Түркістан облысы: Кентауда ірі-қара басы едәуір арта түскен

Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты аймақта ірі қара шаруашылығымен айналысушылар саны көбейіп келе жатыр. Кентауда «Сыбаға» бағдарламасының арқасында Ескі Иқан ауылының тұрғыны Зухриддин Зайнилов өз шаруасын дөңгелетіп, кәсібінің нәсібін көруде.

Осыдан екі жыл бұрын ғана 50 басты ірі қара алып, бордақылап, оның етін сатуды қолға алған болатын. Бүгінгі таңда бұқалардың саны 100-ге жетіп, айына 2-3 тоннаға дейін етті көршілес Өзбекстан Республикасына, сондай-ақ өзіміздің аймақтарға экспорттауда.

Жалпы Кентау қаласында ағымдағы жылдың 6 айында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша: 800 бас ірі қара мал алу жоспарланған болса, бүгінде 740 бас ірі қара мал алынды. Оның ішінде 52 бас аналық сиыр. Тапсырма 92,5% орындалып отыр. Ал, Ескі Иқан ауыл округінде 52 мың уақ мал, 19 мың ірі қара, 1500 жылқы және 60 шағын мал бордақылау алаңдары бар. Соның ішінде ірі қара шаруашылығы өнімді көп беретін сала болғандықтан айналысушылар саны да көбейе түсуде.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 496 times