Четверг, 01 Август 2019 16:35

Кентаулық көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмектің арқасында кәсіп ашты

Кентау қаласына қарасты Шаға елдімекенінде көп балалы ана, атаулы әлеуметтік көмектің қаржысына кәсіп ашты. Бір ретттік берілген төлемге 80 тауық, бір сиыр сатып алған. Бүгінде төрт түліктің өнімдерін, жергілікті дүкендерге саудалап, тұрмысын түзетуде.

Баян Ратаеваның ауласында бір сиыры мен 80 тауығы бар. Оны мемлекет тарапынан берілген көмектің қаржысына алды. Тауықтар мен сиырдың сүтін  көрші қолаң, жергілікті дүкендерге саудалайды. Содан түскен қаржыға отбасының күнделікті тамағы мен бала-шағаның шығындары.   

«Жағдайымызды көтерейік деп, тауық, сиыр алып жатырмыз. Мемлекетке рахмет. 80 тауық, екі сиыр алған. Бала шағмызды киінідірп жатрмыз. Елбасыға рахмет. 80 тауық 40 тұқым береді. Алдағы уақытта тауық санын көбейтіп, жағдайымызды жақсартсақ деген ойдамыз» - дейді ол

Шаға ауылында 700-ге жуық көп балалы аналар бар. Олардың 400-ге жуығы атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген. Ал жартысынан астамы,  түскен қаржыны тиімді пайдаланып, кәсіп ашып, нәсібін көріп отыр.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 592 times