Вторник, 06 Август 2019 16:15

Түркістан облысы: Иқанда диқаншылық ерекше дамыған

Кентауда егін шаруашылығы қарқын алған. Ал, иқандық ағайынды Нышанбаевтар 20 жылдан бері мақта өсірумен айналысады. Бүгінде шаруалар жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартып, өздерін де, өзгелерді де табысқа кенелтуде.

Төрехан мен Валихан атты ағайынды кісілер 2000-шы жылдан бері мақта өсірумен айналысып, ісін өрге домалатқан. Бұдан бөлек, бау-бақша егіп, дқаншылықты қолға алған.  Қазіргі таңда 8 гектар жердің 7,5 гектарына мақта ексе, қалғанына қызанақ егіпті. «Су өткен жылы қиын болған. Биыл Құдай қаласа жақсы. Облыс болып. Алдағы уақытта диханшылық қылып  3-4 гектар бау қыламыз деген ниетіміз бар» - дейді Валихан шаруа.

Оның айтуынша, алдыңғы жылы су тапшылығы салдарынан егіннің өнімін ойдағыдай ала алмапты. Бірақ биыл суару жұмыстары ойдағыдай жүргізіліп, өнімді мол алатынына сенімді.  «Түркістан»  атты бұл мақталардың түрі пайдасы мол, әрі өнімді жақсы береді екен.

Мақта шаруашылығына қосымша жұмыс күшіне жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылған. Теру науқаны қыркүйек, қазан айларында басталады.  Шаруа қожалығымен бұрыннан айналысып келген ағайындылар алдағы уақытта бау-бақша өсіруді қолға алмақ. Айта кетейік, жалпы ауылдық округте 11800 га суармалы жер бар. Биыл оның 5400 га мақта, 1000 га күздік бидай егілген. Қалғанына жоңышқа, жүгері  және бау бақша егілген.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Read 493 times