Среда, 21 Август 2019 14:08

Түркістан облысы: Кентауда құрғақ сүт өңдейтін өндіріс цехы іске қосылады

Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылында ауыл шаруашылығы ісі қарқынды. Мысалы «Тұран» шаруақожалығы мақта мен сүт өңдейтін цех ашып, жыл сайын тонналап өнім өндіруде. Осылайша, алақандай ғана ауылда істің көзін тапқан кәсіпкер 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Шаруақожалығы 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда 860 гектар жерге мақта егілген. Мақтаның сапасы жоғары. Оның ішінде элиталық шитті тұқымынан  жылына 430 тонна өнім алады.  Ал тәжірибе учаскесіндегі мақта тұқымының тазалығын университет ғалымдары  тарапынан  зерттеліп, сәйкестендіріліп отырады. «Біздің негізгі шаруашылығымыз мақташылық. Біз мақта егумен бірге тұқымдық қожалық болып табыламыз. Біз бұл жерде қазір мақтаның сортын жаңалатып шығарып жатырмыз. 3 жыл болды Түркістан деген жаңа сортты шығарғанбыз. Бұл сорттың басқалардан айырмашылығы өнімді көп береді. Біріншіден  бұл 15 күн алдын ашылады. 115-120 күнде ашылады. Екіншіден мақтаның талшығы 4-ші типке жатады. Бұл текстиль фабрикаларда сұранысқа ие» - дейді «Тұран»  шаруақожалығының төрағасы Хабибулла Азимов.

Қожалықта 200-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Шаруа жылына 2000-2500 тонна мақта өндіреді. Кәсіпкер болашақта мақтадан киім тігетін фабирака ашуды жоспарлап отыр. Ал, қожалыққа қарасты сүт зауытында сүт өнімдерінің барлық түрі шығарылады.  Кәсіпорын тәулігіне 40 тонна өнім өңдеуге қауқарлы. Мұнда 12 адам жұмыс істейді. Керекті сүт ауыл тұрғындарынан алынады.Биыл 400 асыл тұқымды мал басын әкеліп, күніне тағы 5 тонна сүт өндіруді мақсат еткен. Алдағы уақытта өзге де  ауылдардан  сүт қабылдау пунктін ашпақшы. Сөйтіп, өңір тұрғындарын  40 тонна қайта өңделген және  40 тонна құрғатылған сүт өнімдерімен қамтамасыз етпек.

2015 жылдан басталған  Тұран шаруашылығының сүт өнімі  бүгінде қарқынды жұмыс істеп жатыр. Мысалы мына құрылғыға 15-20 тонннадай сүт өнімі құйылады. Ол 4 градуста сақталады. Нәтижесінде мына құбырлар арқылы 12 түрлі өнімге бөліп, 180 градуста қайнатылады. Одан соң дайын күйінде ағарған өнім  болып, сатылымға шығады екен.Зауыттағы заманауи технология арнайы Германия мен Ресей елінен әкелінген. Құрғақ сүт өңдейтін өндіріс цехының құрылысы толығымен аяқталған. Қазір қажетті халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қондырғылармен жабдықталу үстінде.  Таяу күндері іске қосылатын болады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 835 times