Четверг, 22 Август 2019 09:19

Түркістан облысы «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша алдыңғы орында

Елбасының тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың наурыз айында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жұмысын бастаған болатын. ҚР Үкіметі бағдарлама бойынша халық тұтынатын тауарларды, шикізатты жәнебастапқы қайта өңдеу өнімдерін өндірілуіне қолдау көрсетеді. Бүгінгі таңда бағдарламаны іске асырудан Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірдн жалпы құны 64,5 млрд. теңгені құрайтын 206 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бағдарламаны іске асыру бойынша Өңірлік жобалау офисінің кезекті отырысында мәлім болды.

«Бір ай бойы жүйелі және тынымсыз еңбектің арқасында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік», – деген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бағдарламаны іске асыру барысында кәсіпкерлерді шарттармен таныстыру және кәсіпкерлер арасында белсенділікті арттыру мақсатындабелсенді сату әдісі қолданылғандығын және қаржының кәсіпкерлер үшін қолжетімді болуының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Жобалау тобы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері аудандарда және қалаларда жергілікті кәсіпкерлермен жеке кездесулер өткізді. Белгілі болғандай, бұл әдіс қысқа мерзім ішінде өз жемісін берді.

Аталмыш бағдарламабойынша бүгінгі күннің өзінде ілгерілеу байқалуда, сомасы 927 млн. теңгені құрайтын 18 жоба қаралуға түскен. Бағдарламаны орындау бойынша Түркістан қаласының кәсіпкерлері белсенділік танытып 36 жоба ұсынды.Агроөнеркәсіптік саласының кәсіпкерлері өте белсенді. 206 жобаның 117-сі осы салаға тиесілі. Бүкіл қаржы ұйымдардың арасында агроөнеркәсіптік кешенге«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жауапты екені атап өткен жөн. Жеке кездесулерден соң, бүгінгі таңда сомасы 8,9 млрд. теңгеге 16 жоба мақұлданды. Сондай-ақ жиында «Даму» ККҚ АҚ филиалы тарапынан жобаларды уақытылы субсидияландыру мәселелері қозғалды. Бұл мәселеге байланысты облыс әкімінің орынбасары филиал басшылығынапайыздар бойынша өтінімдерді жеделдетілген түрдеқарастыруға тапсырма берді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 919 times