Америкалық трактордың егін басында атқаратын жұмысы маңызды. Ол мақтаның өсуіне кедергі келтіретін арам шөпке тосқауыл болатын дәрі шашады. «Иіржарагро» шаруа қожалығы алғашқы жұмысын 2015 жылы осы Жаушықұм ауылында бастаған. Алғашқыда «Хинлужонг» қытай мақтасы мен жергілікті «47-27» дәнін екті. Соңғы екі жылда «Элита Мақтаарал 40-11» деп аталатын жергілікті мақта сортын егумен айналысты. «Бұл отандық өнімге қызығушылар өте көп. Өйткені бұл сорт мақтаның басқа түріне қарағанда, дәнді көп салады», - дейді шаруалар.
«Бұл шаруашыққа 500 гектар жер аумағы тиесілі. Оның 350 гектар жеріне мақта, ал қалған 150 гектарға бау-бақша өнімдері егілген. Жақсы күтімнің арқасында өнімдер жайқалып тұр» дейді «Иіржарагро» шаруа қожалығының бас инженері Оразбек Есебаев.
Ал Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Нұрсейтов: «Жайқалған өнім - үлкен еңбектің арқасында келген шаруа. Енді диқандар тамыз айының соңғы он күндігінен бастап өнімдерінжинауға кіріспек» деп отыр.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.