Вторник, 13 Август 2019 13:41

Түркістан облысы: Төлеби ауданында жас кәсіпкерлер үшін мүмкіндік көп

Бүгінде бизнеске бет бұрған жастар жетерлік. Төлеби ауданының жастары да бұл салада белсенділік танытуда. Бірі мал шаруашылығымен айналысуды жоспарласа, енді бірі наубайхана цехын ашқысы келеді. 

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көп. Әсіресе, жас бизнесмендер үшін мүмкіндік зор. Арман, мақсат... Бұл – кәсіп бастағысы келетін азаматтың ұстанымы. «Мақсаты айқын адамның арманы әлбетте орындалады», - дейді мамандар. Сондықтан жастарға алдымен жоспар түзіп, соның негізінде еңбек ету жайы жіті түсіндірілді. Игі жобаның негізгі мақсаты – жастар арасында жұмыссыздықты жою. Тиімді деген жобаларды қолдау.

«Біздің бірінші мақсатымыз – жас кәсіпкерлеріміздің өз өнімдерін нарыққа шығару. Екінші мақсатымыз, мемлекет тарапынан 200 АЕК көлеміндегі беріліп жатқан гранттарға қол жеткізіп, өз кәсібін ашуға ықпал ету» дейді жас кәсіпкер,жобаның үйлестірушісі Маржан Мұсаева.

Мұнда орта және шағын кәсіпкерлік жақсы дамып келеді. Ауданда 204 жас кәсіпкер бар. Оныңбасымкөпшілігі 18-29 жас аралығындағы азаматтар. Ал «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы негізінде 44 жас бизнес тренингке қатысып, арнайы сертификатқа ие болды. Аталған іскерлік алаң өз жұмысын жалғастыра береді. Сондықтан бизнес бастап, өз ісін ашамын деуші жастарға мүмкіндіктер мол.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 1059 times