Среда, 14 Август 2019 04:25

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында ауыл шарушылығы саласын дамыту мақсатында ауқымды жобалар іске асып жатыр

Түлкібас ауданында қай саланы алсақ та, ілкімді істер қолға алынып, жүйелі түрде іске асып жатқанын байқауға болады. Солардың бір бағыты – ауыл шаруашылығы саласында. 

2019 жылы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай, алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы сомасы 6094,0 млн. теңгені құрайтын барлығы 33 жоба іріктеліп алынды. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 787,3 млн. теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылды. Оның ішінде: өз қаражаты есебінен 7 жоба, несиелендіру арқылы 5 жоба, ал қалған 21 жоба бойынша бүгінгі күнде шаруа қожалығы басшылары құжаттарын жинақтап, қаржы институттары тарапынан қаржыландыру бойынша етене жұмыс жүргізуде. 

Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен барлық деңгейдегі қаржы институттарын тарта отырыпжергілікті кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие алу бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 1135 times