Жүйнек ауылдық округінде 10 мыңнан астам халық тұрады. Мұндағы тұрғындардың басым бөлігі мал және егін шаруашылығымен айналысып, нәпақа тауып отыр. Мемлекеттік бағдарлама негізінде жас мамандар жұмысқа орналасып, бірқатар отбасы атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізген.
«Жалпы, Жүйнек ауылдық округінде жұмыспен қамту бөліміне 500-ден аса азаматтың өтінішін жолдадық. 200-ден астамы алды. Сол қаржыға қолы жеткендер мемлекеттің жәрдемін ұқсатып, тауық асырап, қалағанынша мал, сауынды бие алып жатыр» дейді Жүйнек ауылының әкімі Жолдас Мырзабеков.
Ауылда 230-дан астам кәсіпкер бар. Шаруа қожалығының саны да күннен-күнге артып келеді. Шаруалар соңғы үлгідегі заманауи технологияларды қолдануға көшкен. Соның арқасында тамшылатып суару, топырақты қопсыту сынды тың жұмыстарды игеріп, соның игілігін көруде.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.