Шаруа қожалығының төрағасы Шүкірллә Ботаевтың айтуынша, 1 гектар жерден 20-25 тонна жүзім жиналады екен. Жемістің көшеттері Сарыағаш өңірінен әкелінген. Сорты «Қара сұлу» деп аталады. «Жүзімге уақытында тыңайтқыштар егіледі. Күз мезгілінде жемістердің барлығы жиналып біткен соң тыңайтқыштар сеуіп тастаймыз. Сосын көктемде қайта көгере бастағанда 20 күн сайын дәрлеп тұрамыз», – дейді шаруақожалығының төрағасы.
Бұған дейін мақта егіп, кейін 2001 жылдан бастап бау-бақша егумен айналысуды қолға алған. Алдағы уақытта шаруашылықтың көлемін арттырып, жемістің түрін көбейтуді көздеп отыр. Биылғы жиналған өнімдерді Түркістан облысының аудан-қалаларына, Алматы, Атырау облыстарына жібермек. Жиналған жүзімдер өз елімізден артылмайды. Шаруақожалығы алдағы уақытта өнімді көбейтіп, шетелге экспорттау жоспарланып отыр.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.