Вторник, 20 Август 2019 13:26

Түркістан облысы: Кентаудағы шаруалар «Сыбағаның» шапағатын көріп отыр

Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылында «Нұр Балым» шаруа қожалығы жұмыс істейді. 2011 жылы жұмыстарын бастаған шаруа 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 11 млн. теңге несие алып, 32 бас жергілікті мекеннен сиыр алған. Оларды сүт, ет бағытында қолдануда. 

Шаруа қожалығының төрағасы Асан Рахымжановтың айтуынша, ол мал шаруашылығымен ғана емес, егін егумен, бау-бақша өсірумен де айналысады екен. Малдарына қажеті шөптерді өздері егеді. Биылдың өзінде тағы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 37 млн. теңге қаржы несие алып, Ресей елінен «Семитал» тұқымындағы 50 бас сиыр әкелген. Жыл соңына дейін тағы шетелден «Герифорд» тұқымды 100 бас сиыр алуды жоспарлауда. Бүгінде жалпы қорасында 42 жылқы, 128 бас сиыр бар. Оның 32 басы бордақы. Ірі қараның барлығы ет, сүт бағытында алынған. Бір айда сиырдан 2 жарым тонна сүт алынып, қаладағы бала-бақшалар мен ауруханаларға өткізеді. Ал еттерін базарларға сатылуға шығарады. Әрбір бордақыланған сиырдан 250-300 келіге дейін ет өндіріледі. Сонымен қатар алдағы уақытта соңғы заманауи үлгідегі қора салып, мал шаруашылығын дамытуды мақсат етіп отыр.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 776 times