Понедельник, 26 Август 2019 08:31

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында биыл 502 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілді

Тамшылатып суғару - ең алдымен судың ысырабын азайтып, екіншіден, өнім көлемі арттыратын суғарудың үнемді әдісі. Бүгінгі таңда Түлкібас ауданының бау-бақша өсірумен айналысатын шаруалары алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолдана отырып, мол өнім алуда. 

2018 жылы ауданда 500 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілген болса, биыл қосымша "Кентау" ЖШС 81 га, «Арсен Ас» ЖШС 16 га, "Мөлдір" ЖШС 65 га, "Нар Дауа" ЖШС 14 га, "Мөлдір" ШҚ 10 га, "Мақұл" ШҚ 10 га, "Нұрбақыт" ШҚ 6,0 га, "Ақсанат инжиниринг" ЖШС 300 га жерге тамшылатып суғару әдісін енгізіп, мол өнім алуды көздеп отыр. Бұл әдістің ерекшелігі, егіліп алынған өнім бұрынғы әдіспен егілген өнімнен 7-8 есеге дейін көп береді және суды үнемдеумен қатар арамшөптің шығуына да жол бермейді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 1567 times