Четверг, 17 Октябрь 2019 10:16

Шымкент: «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 18 жобаға несие берілмек

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е.Садырдың төрағалығымен «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында шағын несиелер беру мәселелері бойынша Екінші деңгейлі банктер мен қала әкімдігінің басқармалары және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өтті.

Мәжілісте Бағдарламаға қатысушы жобалардың проблемалық мәселелерін бірлесе талқылап, оны жеделдетіп шешу бойынша ұсыныстар енгізілді. Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында қаржы көздеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету, жобаларды сүйемелдеу, кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсету үшін қаламызда өңірлік кәсіпкерлер палатасы, екінші деңгейлі банктер мен басқармалар бірлесе Жобалық кеңсе құрылып, бүгінде өз жұмыстарын істеуде.

Одан бөлек, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау саласында бірнеше жобаларды жүзеге асыру мақсатында жаңа жобалар жайында сөз қозғалды. Қазіргі таңда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласы бойынша 5,9 млрд теңгеге 18 жоба екінші деңгейлі банктерден несие алуға мақұлданған.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

 

 

 

Read 449 times