Енді, міне, мемлекеттен төменгі пайызбен несие алып, жұмысының ауқымын кеңейтіп отыр. Заманауи үлгіде түрлі дизайндар жасауға қауқарлы қос тігін машинасын, Ресей және Қырғызстан елдерінен түрлі маталарды алдырған. Осылайша жаңашылдыққа жаны құмар келіншектің тапсырыстарының да көлемі өсіп, бүгінде көршілес Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш және Қазығұрт аудандарынан да тапсырыстар қабылдап жатыр. 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған тігін цехы жеңіл автокөліктермен қатар автобустардың да орындықтарын қаптаумен айналысады. Жас кәсіпкердің сөзіне сенсек, мұнда тігіс тігуге қызығушылық білдіріп, үйренемін деп келушілерге де жағдай қарастырылыпты. «Алдағы уақытта оқу курстарын тұрақты түрде ұйымдастыру мәселелері де толық қолға алынатын болады» - дейді Әсияның өзі.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.