- Жаңа екі гидроагрегаттың пайдалануға тапсырылуымен қатар СЭС-тің жоспарды орындауына себеп болған басты факторлардың қатарында – станцияның негізгі және қосалқы жабдығының апатсыз жұмыс істеуі, сондай-ақ Сырдария өзенінде су көлемінің жеткілікті болуы. 2020 жылы біз Шардара СЭС-ін техникалық жаңғыртуды аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, бұдан кейін оның қуаты артып, Түркістан облысындағы электр энергиясын сенімді жеткізіп беруші болып қала береді», - деді «Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация және отын» департаментінің директоры Бағлан Исенов.
2020 жылдың бірінші жартысында тағы екі гидроагрегатты құрастыру жоспарланған, осылайша Шардара СЭС-інде жаңғырту бағдарламасы аяқталады. Жобаның жалпы құны 38 млрд. теңгені құрайды. Қаржыландыру 32%-ке өз қаражаты есебінен, 68%-ке несие есебінен іске асырылуда. Жоба мердігері – австриялық-германиялық «Andritz Hydro GmbX» компаниясы.
Жаңғырту аяқталғаннан кейінШардара СЭС-інің қуаты 126 МВт-қа дейін артады. Жаңа жабдық су станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұлғайтып, СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырады және апаттылық деңгейін төмендетеді. «Самұрық-Энерго» АҚ мамандарының сөзінше, бұл жоба энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде және өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда үлкен маңызға ие.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.