Жеке кәсіпкер Сәкен Шораев шығаратын спорттық аяқ киімдер жергілікті базарлар мен көршілес аудандардың сұранысын қанағаттындырып отыр. Бұл аяқ-киімдердің бағасы 1900-2000 теңгенің көлемінде. Негізгі шикізатты Қытайдан алдыратын кәсіпкер алдағы уақытта кәсібінің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. «Өзіміздің отандық өнімдерімізді болашақта брендке айналдырсақ, шағын кәсіпорынымыздың ауқымын кеңейтіп, қуаттылығын екі есеге арттыру ойда бар. Ойымыз жүзеге асып жатса, тағыда қосымша жұмысшыларды қабылдап, халықтың тұрмысын жағдайын жақсартсақ. Жетісайдан шыққан спорттық аяқ-киімдерді алыс-жақын шет елдерге экспорттасақ деп отырмыз» - дейді Сәкен Шораев.
Екі жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан аталмыш кәсіпорын бәсекелестікке толықтай төтеп бере алады. Себебі, сапасы жоғары, бағасы төмен тауар қашанда халықтың сұранысына ие.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.