Вторник, 03 Июль 2018 07:30

Шымкентте алғаш рет барлық 124 мектеп жөндеуден өтті

Ғабидолла Әбдірахымов миллионер қала – Шымкентті Астана мен Алматының деңгейіне дейін көтеру туралы мақсат қойып отыр. Бұл туралы ол таяуда өткен қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында айтты. Сонымен бірге, бұл сессияда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова 2017 жылғы қала бюджетінің орындалу барысы туралы айтып берді.

Бюджеттің кіріс бөлігі 104,7% немесе 2 555,2 млн теңгеге артық орындалған. Сонымен бірге, шығындар 131 075,3 млн теңгені құрапты. Бұл жоспарланған сома - 131 232,6 млн теңгенің 99,9%-ы. Сонымен, білім беру саласына 45,5 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражат 11 414 оқушының ыстық тамағына, 5 483 оқушының жазғы демалысына, 1650 оқушының ЭКСПО-2017 көрмесіне барып қайтуына, Бұдан басқа, білім беру нысандарының ағымдағы жөндеуіне 372 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде алғаш рет Шымкент қаласындағы 124 мектеп жөндеуден өтті.

3 шағын ауданда (Қызылжар, Ынтымақ, Тұран) сумен жабдықтау жүйелерін жүргізгеннен кейін қаланың сумен жабдықтау деңгейі 93% -ға жеткен. Екі шағын ауданда (Азат, Қазығұрт) электр желілерін тартқаннан соң қаланы электрлендіру 89,0% -ға жетіпті. Сонымен қатар, 2018 жылы «Астана -1, 2» қосалқы станцияларының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Көлікпен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін бюджеттен 12,8 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 131 көшенің орташа және күрделі жөндеуіне, 12 көшенің тротуар құрылысына бағытталған. Бұдан басқа, 69,2 км жол жөнделді, 136,2 км қиыршық таспен қапталған, 14 магистралды жол қалпына келтіріліп, бір жаяу жүргінші өткелі, бір жол айрығы, Самал-1, Бозарық, Солтүстік-батыс және Құрсай шағынаудандарда әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар салынған.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қаладағы бастамаларды қолдағаны үшін халық қалаулыларына алғысын білдіріп, қалада жасалып жатқан барлық жұмыстар азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Сонымен бірге, Астана әкімдігімен тәжірибе алмасу бойынша меморандумға қол қойылатынын айтты.  «Біз жаңа стандарттар бойынша жұмыс істейміз және олар барлық салаларда қолданылуы тиіс. Мүмкіндік, ресурстар бізде бар. Ең бастысы - жұмыс істеу керек. Біз бірлесе жұмыс істейміз деп ойлаймын, өйткені біздің міндетіміз - Шымкентті Астана мен Алматы қалаларының деңгейіне көтеру»,-деді қала әкімі.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 6119 times