Пятница, 06 Июль 2018 04:35

Шымкенттің әкімі «ҚазТехникас» ЖШС-нің жұмысымен танысты

Таяуда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Тассай» индустриялды аймағында орналасқан «ҚазТехникас» ЖШС-нің жұмысымен танысып қайтты. Мұндағы өндіріс орнында жарықтандыруға арналған диодты көше және кеңсе шамдары дайындалады екен.

Айта кетейік, бұл - еліміздің Оңтүстік аймағында диодты жарық шамдарын шығаруды қолға алған алғашқы кәсіпорын болып табылады. Қуаттылығы жылына 18 мың дана көше, 36 мың кеңсе шамын шығаруға жетеді. Жоба құны 500 млн. теңгені құрайды екен. Кәсіпорын екі жылдан бері 40-тан астам адамды жұмыспен қамтып келеді. Орташа жалақы - 110 мың теңге.

Өндіріс орнын аралау барысында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «ҚазТехникас» ЖШС директоры Сәбит Мұратқа сәттілік тілеп, жұмыстарына оң баға берді. Алдағы жоспарларын тілге тиек еткен кәсіпорын басшылығы цехтағы қолмен істелетін жұмысты автоматтандыруға кіріскендерін айтты. Бұл өз кезегінде жарықты үнемдеуге септігін тигізбек.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Read 1205 times