Пятница, 13 Июль 2018 05:26

Шымкенттік қыз-келіншектерге жеңілдетілген несие беріле бастады

Мемлекет шағын және орта бизнесті дамыту үшін әртүрлі бағдарламалар түзіп, жеңілдіктер жасап келе жатқаны белгілі. Осы орйда Шымкенттік қыз-келіншектер үшін жағымды жаңалықпен бөлісе кетсек. Шырайлы шаһардың қыз-келіншектері ендігі жерде 10 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие алуына мүмкіндіктері бар. Несиелеудің бұл жаңа бағдарламасын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ұсынып отыр екен.

Бұл бастама «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүзеге асырылып отырғанын да айта кеткен жөн. Аяуда сала мамандары Шымкент тұрғындарына жаңа бағдарламаның талаптарын таныстырды. Оған сәйкес, аталған банк әйелдерді, олардың стартап жобалары, айналым капиталын қаржыландыратын болады. Несиенің жылдық пайызы 5 пайызды ғана құрайды. Мамандардың айтуынша, 10 миллион теңгеге дейінгі несиеге жыл соңына дейін кем дегенде 100 адам қол жеткізуі тиіс.

Банк өкілдері болса қомақты қаражат кез келген салада жүрген қыз-келіншектерге берілетінін айтып отыр. «Кәсібін жүргіземін деген қыз-келіншектер арыздарын өңірлік Кәсіпкерлер палатасына өткізе алады. Біз оларды қабылдап, қолдау көрсетеміз. Атап айтқанда «Халық банкке» дейін соларды сүйемелдеп, несие алғанға дейін көмектесеміз.  Осындай өтініштерді нәзік жандылар «Халық банкке»  де тікелей тапсыра алады»,- дейді Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Данияр Дәрмен. 

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 1380 times