Среда, 18 Июль 2018 11:29

Шымкенттің бюджеті 183 миллиард теңгеге ұлғаймақ

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Шымкент қаласының бюджеті республикалық қала маңызындағы деңгейге жеткізілетінін мәлім етті. 

 «Алдын ала есептеулер жасалды, қазіргі кезде бұл бағыттағы есеп-қисапты пысықтап жатырмыз. Әрбір министрлікте осы орайда тиісті жұмыстар атқарылуда, үлкен өзгерістер ескерілуде. Бұл ретте қазынашылықты да бөлу керек, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік мүлік пен аудит тұрғысында қажетті шаралар іске асырылады», — деді Б. Сұлтанов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатарведомство басшысы Шымкент қаласының бюджеті күзде қаралатынын атап өтті. «Менің ойымша, күзде бюджетті нақтылайтын боламыз. Осы орайдаоблыс пен республикалық маңыздағы қала арасында бөлінетін қаржыны қарастырамыз. Шымкенттің бюджеті республикалық маңыздағы қаланың деңгейінде болады. Ондағы еңбекақы (мемлекеттік қызметшілерде) орталық органдар деңгейдегі көлемде көтеріледі», — деп атап өтті министр.

Естеріңізге салар болсақ, 19 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы Жарлыққа қол қойды. Ал келер жылы қалаға бөлінетін бюджет 183 миллиард теңгеге ұлғаяды деп күтілуде.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1214 times