Четверг, 26 Июль 2018 08:10

Шымкенттегі автобустарда 2018-2019 жылдары электронды билет беру жүйесі енгізілмек

Жақында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Селекторлық жиында еліміздегі «ақылды қалалар» жобасын іске асыру мәселелері қаралды. Олардың арасында Шымкент қаласы да бар. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты хабарлады

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің деректеріне сәйкес, «Smart city» жобасын іске асыру аясында өңірлерде цифрландыру кеңселері құрылған. Жергілікті атқарушы органдар іске асыратын жобаларды үйлестіру процесін ҚР АКМ және «Зерде» АҚ негізінде құрылған цифрландырудың орталық штабы басқарады.

Жиында сөз алған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қазіргі таңда шаһардағы «Ақылды қала» жобасы бірнеше бағытта дамып келе жатқанын мәлімдеді. Бұл ретте ол жолаушылар тасымалы саласына тоқталды.

Ірі қалалардағы өзекті саланың бірі - қоғамдық көлік саласында да цифрландыру бағытындағы жұмыс атқарылуда. Мысалы, 2018-2019 жылдары Шымкенттегі автобустарда электронды билет беру жүйесі енгізілмек. Алдымен биыл қаладағы 30 автобусты қамтитын бағыттардың бірінде электронды билет бету жүйесін пилоттық режимде ендіру жоспарлануда.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1158 times