Жиында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек тұрғындарды «көгілдір отынмен» қамту мәселесі үнемі басты назарда тұрғанын атап өтті.
«Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуіндегі 5-ші бастамасына сәйкес, қалаға газ құбырын тарту шаһарымыз үшін аса маңызды әрі көптен күткен тарихи оқиға. Елбасымыздың бастамасымен облысымыздың қалалары мен аудандарын газбен толық қамтамасыз ету үшін «Бейнеу – Бозой – Ақбұлақ» магистральды газ құбыры тартылды. Осы құбырдан Арыс қаласына да газ жеткізіледі», — деді қала әкімі.
Арыс қаласын «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету 3 кезеңнен тұрады. Яғни, 2018 – 2025 жылдар аралығында тиісті жұмыстар жүргізіліп, арыстықтар табиғи газбен толық қамтылады деген жоспар бар.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.