Вторник, 04 Сентябрь 2018 15:06

Түркістан облысы: Жетісай ауданы әкімі жылысулықтармен кездесті

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Жылысу ауыл округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында алдағы мақта теру науқанына дайындық шаралары пысықталып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлерді цифрландыру, ауыз су, жол жөндеу мәселелері талқыланды. 

АлдыменауылокругініңәкіміЕрмекТолыбаевсоңғы 7 айдаатқарылғанжұмыстардыбаяндады. Оның айтуынша, бүгінде округте 6477 гектар жерге мақта егілсе, 905 гектарға бақша, 447 гектарға дәндік жүгері дәні себілген. Алайда округ бойынша 229 гектар егістік жер игерілмей жатыр. 

Биылшаруаларға 850 тоннажанар-жағармаймен 1357 тоннаслитраүлестіріліпберілген. Десек те, округте ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрландыру бойынша атқарылған жұмыстар көңіл көншітпейді. Атап айтсақ, округтегі 1077 шаруа қожалығының иелігіндегі 9406 гектар егістік жердің небәрі 6348 гектары ғана Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтындағы электронды картаға енгізілген. 17 мемлекеттік акт кемшіліктері бойынша Әділет басқармасының қарауында, 64 акт жылжымайтын мүлік орталығында жатыр. 
Аудан басшысы аталған кемшіліктерді тез арада шешуді тапсырды. Сондай-ақ, алдағы жылы округте іске асуы жоспарланып отырған жобалардың барысын сұрастырды. Бұл ретте де ауыл округі әкімі мардымды жауап бере алмады.
 

«Ауылшаруашылығыжерлерінэлектрондыкартағаенгізужұмыстарыокругте 65,6 пайызғағанаорындалған. Қанша рет тапсырма берілді. Бірақ нәтиже шамалы. Егер бұл жұмыстарды дер кезінде аяқтамасаңыздар шаруалар мемлекеттік жеңілдіктерге қол жеткізе алмайтын болады», - деді Жамантай Қанайұлы. 

Жиынбарысындаокругтұрғындарыдренаждардыескіргендігін, жол, ауызсумәселелерінкөтерді. Сала басшылары тұрғындардың сауалдарына нақты жауап беріп, бірқатар мәселелер жөнінде ұсыныстар әзірленіп жатқанын мәлім етті. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1025 times