Понедельник, 10 Сентябрь 2018 13:14

Түркістан облысында мал бордақылау алаңдары артып келеді

Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында ел экономикасының өсуінің драйвері ауыл шаруашылығы екендігін айтып, оның ішінде етті мал шаруашылығының рөліне ерекше тоқталған болатын. Осы мақсатта Түркістан облысының Түлкібас ауданына қарасты Шұқырбұлақ елді мекенінде «Адал» шаруа қожалығы 3000 бас ірі қара малды бордақылауға арналған бірнеше алаңды ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Жалпы, мал байлайтын орындарды соғу екі кезеңде іске аспақ. Атап айтқанда, 1500 басқа арналған алаңдар биыл іске қосылса, 2019 жылы қосымша 1500 басқа арналған алаңдардың құрылысын жүргізу межеленген. Нәтижесінде шаруа қожалығы жылына шамамен 1200 тонна ірі қара мал еті өңдірілмек.  Жобаның жалпы құны 900 млн. теңгені құрайды. Аталған жоба толығымен іске қосылған жағдайда 30 адамға жұмыс орны ашылатын болады. Бұдан өзгеаудандағы мал шаруашылығына қажетті егін түрлерін егетін диқандардың өнімдеріне сұраныс арта түспек. 

Қазіргі таңда аудан аумағында 268 мал бордақылау алаңшаларында 2200-ден астам жылқы мен 2 мыңдай ірі қара мал бордақылануда.  

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 873 times