Түркістан облысы: Арыс қаласы «көгілдір отынның» игілігін көретін күн таяу
Алла сәтін салса, бірер жылда Арыс қаласының халқы от жағып, күл шығарудан түгелдей құтылады. Бұған дейін «көгілдір отыны» болмаған шаһарда алғаш рет газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде БАҚ өкілдері қаланың коммуналдық мәселелерімен танысты.