«Бекжан» базары маңындағы жолайырық қараша айында пайдалануға беріледі

Шымкент қаласындағы «Бекжан» базары маңында салынып жатқан Алматы-Ташкент бағытындағы Темірлан тас жолы жолайрығының құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталыпты.  Құрылыс жұмыстары былтыр, яғни 2017 жылы басталған болатын. Құрылысшылар Құдай қаласа қараша айнының алғашқы күндері пайдалануға беруді жоспарлап отыр екен.

Шымкенттің 1 миллионыншы тұрғынының есімі – Айсұлу

Шымкентте бүгін ерекше күн. Тарихи күн десе де болғандай. Себебі, алып шаһардың миллионыншы тұрғыны анықталып, оған өңіріміздің атқамінерлері пәтер сиға тартты. Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев пен ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев миллионыншы тұрғынды дүниеге әкелген Еламановтар отбасына осындай сый құрмет көрсетіп отыр.

Шымкент қаласының әкімдігі байқау жариялады

Шымкент қаласының әкімдігі шаһар тұрғындары мен қонақтарын Елбасының Шымкентті үшінші миллион тұрғыны бар мегаполис деп жариялауына орай ерекше шығармашылық байқауға қатысуға шақырып отыр. 

Шымкент қалалық Балалар көркемсурет мектебі мерекелік шара ұйымдастырды

Кеше Шымкент қаласындағы №54 жалпы орта мектептің базасында Балалар көркемсурет мектебіне қарасты «Шұғыла», «Арт Шайн» аула клубтарының «Бізге – 5 жыл!» атты мерекелік іс-шарасы өтті. 

Жалпы, жиынның мақсаты – аула клубының жұмыстарын көпшілік назарына ұсыну, балалардың бос уақытын тиімді өткізу, сондай-ақ Балалар көркемсурет мектебіне қарасты аталмыш аула клубтарының ағымдағы жылда атқарған жұмыстарын қорытындылау. Іс-шара екі бөлімнен құралды.

Алғашқы бөлімде жұртшылық үйірме оқушыларының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған «Жарқын жолға нық қадам!» тақырыбындағы көрмесін тамашалады. Мұнан соң ұстаздар қауымы керемет шеберлік сыныптарын көрсетіп, өнер әлемінің сұлулығымен көпшілікті тамсандырды.

Екінші бөлімде аула клубының өнерпаздары ән мен биден шашу шашса, бокс, каратэ үйірмесінің тәрбиеленушілері өзін-өзі қорғаудың қыр-сырымен көрермендерді тәнті етті. Ал көрермендер «Шымкент қалалық Балалар көркемсурет мектебінің жанынан ашылған аула клубтары ұйымдастырған «Бізге – 5 жыл!» тақырыбындағы мерекелік жиын өз деңгейінде өтті» деп бағасын берді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Шымкент: қала әкімдігі ескерткішті жаңа орынға көшірмек

Сөйтіп, Ұлы Отан соғысында (ҰОС) қаза тапқан атақты қорғасын зауыты қызметкерлеріне қойылған ескерткіш Ломоносов көшесінде орналасқан Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектептің аумағына көшірілетін болды. Мұндай шешімді қала әкімдігі қабылдады. 

Шымкенттің әкімі қаладағы балалар темір жолының жай-күйімен танысты

Шымкент балалар темір жолы қайта қалпына келтіріледі ме? Өткен демалыс күні қала әкімі Нұрлан Сауранбаев теміржолды аралап шықты. «Спортшылар» бекетінен «Тұлпар» бекетіне дейін жаяу аралап, бір кездері Шымкенттің мақтанышына айналған балалар темір жолының жай күйін көзімен көріп қайтты.

«Шымкент» каналының жағалауы абаттандырылмақ

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына арналған тағы бір демалыс орны пайда болады. Қошақарата өзенінің маңын көріктендіріп жатқан мекеме «Шымкент» каналының жағалауын да абатандырмақ.

Шымкент қаласы әкімдігі мен мәслихат депутаттары қала мәртебесі туралы бірлескен шешім қабылдады

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясында депутаттарға Шымкент қаласы халқының бір миллионға жетуіне орай, қалаға мегаполис статусын беру ұсынылды. Аталған ұсынысты қолдаған халық қалаулылары Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы шешімге бүгінгі өткен сессия отырысында қала әкімдігімен бірлесе тарихи құжатқа қол қойды. Енді бұл құжат Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының қарауына ұсынылады.

Шымкенттіктер əлемдік спорт рекордын жаңартты

Бүгін «13 Легион» workoutкомандасы және Шымкент қаласының әкімдігі Әл-Фараби алаңында «Миллион рет кеудені жерден көтеру» деп аталатын ауқымды акцияны ұйымдастырды. Шымкенттің мегаполистер қатарына қосылуына орай қала тұрғындары кеудені жерден көтеру жаттығуын миллион рет орындады. 

Шымкент: қала әкімі «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік шараға қатысты

Шымкент қаласындағы «Жайлаукөл» демалыс аймағында 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында балалар үйінде тәрбиеленіп жүрген 350-ге жуық жеткіншекке сый-сияпат жасалды. Оған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысып, бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады.