Түркістан: келестік кәсіпкер әйел бизнесін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Отбасының берекесін ұйытып, бала өсіріп, жар күтетін әйел – ел экономикасына үлес қосу бағытындағы ауқымды жұмыстарда да өте белсенді. Әсіресе кәсіпкерлік жұмыстарында бақтары мен іскерлігін ұштауда қыз-келіншектер тартынып жатқан жоқ. Жалпы еліміздегі нәзік жандылар бизнес саласын сәтті игеріп жүр. Бұған мемлекеттен берілетін жеңілдіктердің көмегі тиіп жатыр. Соның бірі Келес ауданының орталығы Абай ауылында тұратын Әйгерім Мамытбаева.

ҚР Премьер-Министрі Қазығұрт ауданында жаңа кәсіпорынды іске қосты

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен жаңа кәсіпорын ашылды. Түркістан облысы Қазығұрт ауданына іссапармен келген ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Қазығұрт» индустриялдық аймағында орналасқан «СG Foods Central Asia» кәсіпорынының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Түркістанда шағын және орта бизнестің өнім көлемін ұлғайту бойынша жиын өтті

Түркістан қаласында облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтың тапсырмасымен «Бизнесті көлеңкеден шығару, шағын және орта бизнестің өнім шығару көлемін ұлғайту» тақырыбында жиын өтті. Аталған жиынға Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер, Статистика, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттері, Түркістан облысының кәсіпкерлік палатасы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпочта» АҚ облыстық филиалдарының басшылары қатысты.

Түркістан: Түлкібасқа келетін туристердің саны артуда

Түркістан облысы Түлкібас ауданына жыл басынан бері жалпы 6 мыңнан астам турист келген. Соның ішінде 473 шетел азаматтары. Бұл көрсеткіштер былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1040 туристке немесе 14 пайызға артып отыр.

Түркістан облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша алдыңғы орында

Елбасының тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың наурыз айында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жұмысын бастаған болатын. ҚР Үкіметі бағдарлама бойынша халық тұтынатын тауарларды, шикізатты жәнебастапқы қайта өңдеу өнімдерін өндірілуіне қолдау көрсетеді. Бүгінгі таңда бағдарламаны іске асырудан Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірдн жалпы құны 64,5 млрд. теңгені құрайтын 206 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бағдарламаны іске асыру бойынша Өңірлік жобалау офисінің кезекті отырысында мәлім болды.