Түркістан: инвестиция тарту және экспортты дамыту бағытындағы фронт офис ашылды

Қазақстан Үкіметі барлық аймақтарда инвесторларды сүйемелдеу бойынша фронт офистер қызметін жүзеге асыру ережесін бекіткен болатын. Аталмыш тәсіл инвестордың құжат жинау және дайындау процесіне қатысуын азайту және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейді.

Түркістан облысы: кентаулық шаруа «Сыбаға» бағдарлмасының арқасында кәсібін дөңгелетіп отыр

Кентау қаласы Қарашық ауылында «Нұр Балым» шаруақожалығы жұмыс істейді. 2011 жылы жұмыстарын бастаған шаруа 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 11 млн. теңге несие алып, 32 бас жергілікті мекеннен сиыр алған. Оларды сүт, ет бағытында қолдануда.

Түркістан: Мақтааралда бетон зауыты айына 30 млн теңгенің өнімін өндіріп жатыр

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында айына 30 миллион теңгенің дайын өнімін шығаратын кәсіпорын жұмыс істеуде. 2009 жылы Шымкент қаласында негізі қаланған «Ғибрат Құрылыс» ЖШС биыл Мақтааралда қайта тіркеуден өткен.

Түркістан облысында еліміздегі ең үлкен жылыжай кешені салынатын болады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев және «ЭКО Культура» агроөнеркәсіптік холдингі Президенті Александр Рудаков, сондай-ақ, «Green Land Alatau» Бас директоры Алмас Дауытовтың қатысуымен жиын өтті. Сонымен қатар, кездесуде инвестиция және экспорт басқармасы, Экономика және бюджеттік жобалау басқармасы, «Kazakh Invest» аймақтық өкілдігі, «Turkistan Invest» фронт-офистің басшылары, «Kazakh Invest» ҰК АҚ Төрағасы орынбасары және бас менеджері қатысты.

Түркістан облысында 140 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда елдің аумақтық-кеңістікті дамуының болжамды схемасын әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ индустрияландыру және жаңа технологияларды енгізу аясында ядролық өнеркәсіп саласындағы заманауи технологияларды дамыту мәселелері талқыланды.

Израильдік инвесторлар Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қоспақ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен израилдік инвесторлармен және «BS-Agro Produst» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері арасында тәлім егістікте суды қажет етпейтін бақша дақылын егу мәселесі бойынша кездесу өтті.

Түркістан облысында АҚШ технологиясымен жаңбырлатып суару тәсілі қолданысқа енгізілді

Түркістан қаласының маңында диқандар егістікті АҚШ-тан әкелінген арнайы техника арқылы жаңбырлатып суара бастады. Мамандардың айтуынша, бұл – өте тиімді тәсіл. Осы бастама арқылы өнім түсімі екі-төрт есеге дейін артады деп жоспарланып отыр.

Түркістан облысында күннен қуат алатын электр станциясы салынатын болады

Түркістан облысы, Отырар ауданының Шәуілдір ауылында салынатын күннен қуат алатын станциясының жалпы қуаттылығы 50 МВт құрайды деп жоспарлануда. Осыған орай, жобаның құжаттамасымен таныстырып, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды түсіндіру мақсатында семинар өтті – деп хабарлайды «AQ-QARA-KZ» тілшісі.