Түркістан облысында экспорт көлемі 67 пайызға артқан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке экспортқа бағытталған компанияларға мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруды тапсырған болатын. Осыған орай, Түркістан облысында отандық тауар өндірушілердің экспортын ілгерілету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. «Turkistan Invest» фронт-офисі құрылып, инвестициялар тартумен қатар аймақтық экспортты дамытумен белсенді айналысып келеді.

Түркістан облысында ағын су тапшылығын жоюдың жолдары бар

Облыстың ауыл шаруашылығы мамандары су тапшылығын жоюдың тың тәсілін қолданысқа енгізіп келеді. Бұл жағдай шуаруалардың шөлейтті жерлерді де игеруіне мүмкіндік жасайды. Жаңа технологияны қолдану қашан да өз жемісін берері анық. Облыс орталығында өткен жиында шаруаларға жаңбырлатып суару мен тың тәсілдердің тиімділігі түсіндірілді. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығындағы еңбек озаттары марапатталды

«Балапанды күзде санайды» демекші, «Алтын күз» - шаруалардың жыл бойғы бел жазбай істелген еңбектерінің жемісін көретін, нәтижесін сараптап, балапанды санап, алдағы межелерді белгілейтін шағы. Бүгін аудандық мәдениет үйінде жылдағы дәстүрге сай «Алтын күз-2019» мерекелік іс-шарасы өтті. 

Түркістан: облыс әкімі сүт фермасының кірпішін қалады

Түркістан облысы Кентау қаласында шаруалардың басы қосылған ауқымды шара өтті. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтың бастамасымен жүзеге асқан семинар - кеңесте 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасының кірпіші қойылды. Алғашқы болып Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы қалады.

Түркістан: азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорының жұмысы жанданады

Түркістан облысында тұрақтандыру қоры жұмысының тиімділігін арттыру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұда нәрі-ӘМАТ) бағасының өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмыстың жаңа тетігі әзірленді. Осыған байланысты Түркістан облысының азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның селекторлық кеңесі өтті.

Түркістан облысы: Шардара СЭС-нің жаңғырту жұмыстары аяқталып келеді

Аудандық мәслихаттың хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев бастаған бір топ депутаттар мен аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев «Шардара су электр стансасы» АҚ-ында болып, ондағы жаңғырту жұмыстарының барысымен танысып шықты. Кәсіпорын басшысы Бахытбек Жаңабаев Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы және республикалық индустрияландыру картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды көрсетіп шықты. 

Түркістан облысында егістікті жаңбырлатып суару әдісі қолданылмақ

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы «Түркістан агро» инвестициялық жобасы аясында облыста егісті алқапты жаңбырлатып суаруға мүмкіндік беретін машина трактор станциясы құрылуда. Осы мақсатта АҚШ-нан 18 бірлік суару машинасы және 27 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынған.