Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында «Алтын күз-2019» мерекесі аталып өтті
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне арналған «Алтын күз-2019» мерекесіне шаруалар мен диқандардан бөлек ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары қатысты.
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне арналған «Алтын күз-2019» мерекесіне шаруалар мен диқандардан бөлек ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары қатысты.
Жетісай ауданындағы жолдарды биыл орта және күрделі жөндеуден өткізу үшін 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қазіргі таңда 136 шақырым жол жөндеуден өткізілуде.
Жетісай ауданы бойынша 230 жоба мақұлданып, “Ырыс” микроқаржы ұйымынан тиісті қаражаттарын алған. Негізгі табысы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығынан түсетін Жетісай ауданында жыл басынан бері 230 жоба мақұлданып, 539 млн 360 мың теңге қаржы таратылған.
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру және бағаның негізсіз өсуін алдын алу мақсатында Түркістан қаласында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының ұйытқы болуымен арнайы жиын өтті. Кездесуге бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті, облыстық статистика департаменті мен ауыл шаруашылығы басқармасы, облыстық тұрақтандыру қоры басшылары, сондай-ақ Түркістан қаласындағы ірі сауда маркеттері мен көтерме сауда базарларының басшылары қатысты.
Төлеби ауданында кәсіпкерлікке көңіл бөлініп, шағын және орта бизнесті қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жастарды қолдау мақсатында алынған кәсіпкерлік бағдарламалар арқылы жастар гранттарға қол жеткізуде.
Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында облыста түйе шаруашылығымен айналысатын ферма басшыларына жиын ұйымдастырылды. Түйе шаруашылығын дамыту және сүт өңдеу зауытын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында қаржы институттарының өкілдері түйе фермерлеріне елімізде мал шаруашылығын дамытуға арналған барлық жеңілдіктер, несиелер мен субсидиялар туралы айтып берді.
Қазығұрт ауданының ауыл шаруашылығы еңбекерелері ағымдағы жылды зор табыстармен қорытындылады. Аудан «Агроөнеркәсіп кешені» даму бағдарламасы бойынша облыста үшінші орынды иеленсе, ал астық өндіруден бірінші орынға шығып отыр. Толағай табыстарға жеткен диқандар мен шаруалар аудан орталығында жәрмеңке өткізіп, «Алтын күз» мерекесін тойлады.
Шыбық шаншысаң, шынар өсетін Жетісай өңірінің шаруалары үшін биыл өте қолайлы жыл болды. Олай дейтін себебіміз, аудан Түркістан облысы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай өткізілген «Алтын күз-2019» мерекесі аясында «Бақша» өндіруші және «Жылына бір жерден 2-3 рет өнім алу» номинациялары бойынша Жетісай ауданы облыс бойынша ең үздік ауданы болып табылды.