Түркістан: тұрғындар бюджет қаржысының игерілуін сайт арқылы бақылай алады

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өңірлерде «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» Жобасы іске қосылды. Бұл жоба Түркістан облысында да іске қосылғанын айта кетейік.

Мақтааралда каналдар ерекше материалмен қапталуда

Мақтарал ауданында қайта қазылып жатқан каналдар құрылысының екінші кезеңі басталды. Яғни, құрылысшылар қазір қазылған канал ұлтандары мен жиектерін су өткізбейтін арнайы материалдармен қаптауды бастады.

Кентауда егістіктен мол өнім алу әдісі түсіндірілді

Биыл оңтүстік диқандарының қамбасы тола. Себебі, егістікке екі -үш рет дән себіліп, көл-көсір өнім алынды. Тиімді әдісті тәжірибе ретінде сынауға кентаулықтар да ниетті. Осыған орай кеншілер қаласында алқалы жиын өтті. Онда аймақ диқандарына техника ғылымдарының кандидаты Бердияр Қалымбетов ғылыми жобасын жан-жақты түсіндіріп берді.

Түркістан облысы: Келес ауданындағы жол жөндеу жұмыстарының тамырына қан жүрді

Аудан әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы мен "Nur Otan" партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Жұмабеков Ахмет Әбдраманұлы биылмамыр айында басталып, бітпей, жыр болған Келес ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының жөндеу жұмыстарының барысына бақылау жасады. Бақылаудың нәтижесінде облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің тікелей тапсырмасымен Келес ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар автомобиль жолының А-15 «Жызақ-Жетісай-Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Жібек жолы» автомобиль жолының 144-175 шақырым аралығындағы (Қошқарата-Ақтөбе ауыл округтерінің аумағындағы 31 шақырым) «ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамы Түркістан облыстық филиалы жол жөндеу жұмыстарын жарытпаған, жауапсыз мердігер «ТММ Береке» ЖШС-мен келісімшартты бұзды. Бақылау барысында бүгінгі таңда жол жөндеу жұмыстарын «ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамына тиесілі «ҚазақАвтоЖол» ЖШС жаңа техникалар мен жұмысшылар санын арттырып күні-түні жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатқаны байқалды.  «ҚазақАвтоЖол» ЖШС-нің өкілі Қылышбек Бейсенбиевтің мәліметіне сүйенсек, А-15 автожолының Жүзімдік ауыл округінің бұрылысына дейінгі бөлігіне 2 күнде асфальт төселіп, жол жөндеу жұмысы бітетінін, қалған Қызыләскер елді мекеніне дейінгі бөлігіне шұңқырларды жамау жұмыстары біткенін, ал күрделі жөндеу келесі жылы жүргізілетінін жеткізді.

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамы Түркістан облыстық филиалы басшысының облыс басшысына берген уәдесі бойынша айналма жол ретінде беріліп, тозығы жеткен Ошақты ауылдық округі аумағындағы автожолға да жақын күндері жөндеу жұмыстары басталып, жуырда аяқталады. А.Есбаев «ҚазақАвтоЖол» ЖШС-нің өкіліне ауа райының қолайлылығын пайдаланып, жұмысты жандандыру қажеттігін жеткізді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Түркістан облысы: Мақтааралдық жеке кәсіпкер жыл басынан бері 31,5 тонна ет өндірген

Мақтаарал ауданында жайылым жер жоқтың қасы. Сондықтан мұнда малды бордақылаған өте тиімді. Қазірдің өзінде ауданда 150-ге жуық мал бордақылау алаңы жұмыс істеп жатыр. Соның бірі – "Құдайберген" шаруа қожалығы. 

Түркістандық кәсіпкердің жұмысымен польшалық сарапшы танысты

Жаңа технологияларды өндіріске енгізу және жаңа идеялармен алмасу мақсатында ЖК «Құдайбергенов» фабрикасына польшалық Томаш Викторски келді. Екі апта бойына Томаш кәсіпорын жұмысына талдау жасап, жиһаздың жаңа пішіндерін жасауға көмектесті, заманауи құрылғыларды пайдалануды үйретіп, өнімнің сапасын арттырудың жолдары мен жоралғыларын көрсетті. 

Ауыл шаруашылығы министрі Түркістан облысына келді

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Кесікбайұлы облыс әкімі Өмірзақ Естайұлымен бірге Мақтаарал ауданына барды. Ең алдымен олар Мақтаарал ауылдық округі, «Ақ алтын» елді мекеніндегі «АШМ сервис-орталығы» өндірістік кооперативінің мақта терімі науқанымен танысты. Онда биылғы жылы 70 га жерге М-4011 мақта сорттық тұқымын егіп, 25,0 ц/га түсімділікпен өнім алуда. Бүгінгі таңда 43 адамды жұмыспен қамтып отырған  өндірістік кооперативі 58 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларымен жабдықталған.