Түркістан облысында биоқызанақ өсірілетін жылыжай ашылмақ
Поляк инвесторлары Түркістан облысында кәсіпкерліктің дамуына қомақты қаржы бөлгелі отыр. Нақтырақ айтсақ, Польша іскерлері ауыл шаруашылығы саласына шамамен 15 млн. еуро салмақ ниетте.
Поляк инвесторлары Түркістан облысында кәсіпкерліктің дамуына қомақты қаржы бөлгелі отыр. Нақтырақ айтсақ, Польша іскерлері ауыл шаруашылығы саласына шамамен 15 млн. еуро салмақ ниетте.
«Ырыс» микроқаржы ұйымы Түркістан облысында жаңадан «Ырыс-өркендеу» бағдарламасын іске қосты. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша енді ұйым шаруаларға аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді. Бұл туралы «ОNTUSTIK» аймақтық инвестициялық орталығы» басқармасы төрағасының орынбасары Темур Абильдинов отырарлық шаруалармен өткен кездесуде сөз етті. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды аудан әкімдігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Солардың бірі - Мақталы ауыл округі Тың елді мекеніндегі «Муйтембайата» шаруа қожалығы. Бүгінде қожалық қорасында 100 бас бұқа бордақылануда. Мұнда негізінен ірі қара малдың етті қазақы ақбас және германдық тұқымдары жемге қойылған. Неміс бұқаларының ең ірісі кемінде 500, қазақы ақбас өгіздер 350 келіге дейін ет береді екен.
Жетісай ауданында 120 мың тонна мақта жиналды. Өнімділік гектарынан 25 центнерден түсті. Десек те, ауданда мақта теру науқаны әлі де жалғасуда. Жетісайлық шаруалар енді бірер күнде бірінші терім жұмыстарын толығымен аяқтайды. Бүгін бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетов мәлім етті.
Жетісай ауданында лимон көшеттері алғашқы өнімін бере бастады. Осыдан екі жыл бұрын 15 соттық жылыжайға тәжірибе ретінде егілген лимонның бір түбі шамамен 10 келіге жуық өнім беруде. Атамекен ауыл округіндегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының көшетбағын аралап көрген аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев алдағы жылы лимоннан бөлек, шабдалы, құрма ағаштары мен шайлы роза көшеттерін көптеп дайындауға кеңес берді.
Түркістан облысы әкімдігі мен «Turkestan Invest» мекемесі бірлесіп, жалпы құны 615 млн. АҚШ долларын құрайтын 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Бұл жоспар іс жүзінде орындалса, өңірде 3 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының өңірлік директоры Дәулетқожа Мамыров мәлімдеді.
Облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістан шаһарына саяхат үшін келетін туристер саны артып келеді. Тарихи орынды қызықтау және зиярат етуге келгендер саны былтыр 1 миллион болса, биылғы 8 айдың өзінде олардың қатары 900 мыңға жетіп отыр. Бұл ең әуелі аймақта саяхатшыларға қызмет көрсету сапасының артқаны, сонан соң қатынас жолының жақсарғанын дәлелдейді.
Қазіргі таңда Жетісай ауданында 152 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді екен. Солардың бірі Жетісай ауданы Абай ауыл округіндегі «Махарам» шаруа қожалығы алдағы 4 айда 1 мың бас қойды бордақылап шығармақ.