Ордабасылық шаруалар 9 айда 25 млрд. теңгенің өнімін өндірген
Ордабасы ауданы экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. 2018 жылдың 9 айында ауыл шаруашылық саласында 25 млрд. 849 млн. 300 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,9 пайызды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 15 млрд. 150 млн. 800 мың теңге, нақты көлем индексі 101,5 пайыз, егін шаруашылығының өнімі 10 млрд. 608 млн. 500 мың теңге, нақты көлем индексі 107,3 пайыз және балық шаруашылығы 90 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100 пайызды құраған.