Түркістан облысы: ордабасылық шаруалар кооператив игілігін көріп жатыр

Ордабасы ауданының Төрткүл ауылдық округінде тағы бір ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. «Заңғар Агро» кооперативінің төрағасы Жұмабай Қасеннің мәлімдеуінше, оның 70 мүшесі бар. Иелігіндегі 707 гектар жерге болашақта мақта, көкөніс, жүгері мен жоңышқа егіп, пайдаға кенелмек. 

Түркістан облысы мақта терімін бастады

Қыркүйек айының алғашқы онкүндігін артқа тастап, Түркістан облысындағы Жетісай ауданында мақта терімі басталды. Қазіргі таңда ауданда «ақ алтынды» қолмен теру жұмыстары Ж.Ералиев, Ш.Ділдабеков, Мақталы, Қарақай ауыл округтеріндегі шаруа қожалықтары бастап жіберді. 

Түркістан облысы: Сайрам ауданында мал бордақылау алаңы 70-тен асты

Түркістан облысының Сайрам ауданында ауыл шаруашылығының бір тармағы саналатын мал шаруашылығы қарқынды түрде дамып келеді. Саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен несиелік жеңілдіктерді ұтымды пайдаланып келе жатқан сайрамдық шаруалар мал бордақылау мен сүт сауу аулаларын көптеп ашып, іске қосып жатыр. 

Ж.Түймебаев: «Жергілікті бюджеттің кірістер жоспары 109,7 пайызға орындалып, 7,3 млрд. теңге қаржы артық түсті»

Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібі еліміздің 2018 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылуының барысына арналды. 

Түркістан облысы: түлкібастықтар 5 мың тонна «апорт» жинады

Түлкібастық шаруалар «апорт» алмасын өсіріп, биылғы алма жинау маусымында әзірге5 мың тонна жеміс жинады. Жеміс түрін күтіп, баптауды ауданда 32 шаруашылық қолға алған. Жыл соңына дейін 6 мың тонна «апорт» теруге құлшынып отырған түлкібастық бағбандар межені былтырғыдан 2 мың тоннаға артық алуды болжап отыр. Дәмі тіл үйірер алмалар бүгінде еліміздің Алматы, Астана, Қарағанды қалалары мен өзге де облыс, қалаларға жөнелтілуде. «Апорттың» алма бауларынан босатылу бағасы келісіне 250 теңгенің көлемінде. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысы: 1 тонна мақтаға 10 мың теңге субсидия беріледі

Биылғы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 297 бұйрығына сәйкес, мақта өңдеу кәсіпорындарына тапсырылған 1 тонна өніміне 10 мың теңге субсидия төлеу жоспарлануда. Осыған орай Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев ауыл округтерінің әкімдеріне халық арасында түсіндірме жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Түркістандық шаруалар Астанада өтетін жәрмеңкеде 500 тоннаға жуық өнім ұсынбақ

Ағымдағы жылы қыркүйек айының 22-23 күндері Түркістан облысының тауарөндірушілері Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесін өткізеді. Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған шараға жалпы құны 201 млн. теңгені құрайтын 496 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылмақ.

Түркістан облысында биыл 332 мың тонна шитті мақта жинау жоспарланған

Естеріңізде болса Түркістан облысы бойынша өткен жылы 134,5 мың гектар мақта дақылы егіліп, 330,5 мың тонна шитті мақта жиналған еді. Ал биылғы жылы мақта 132,7 мың гектарға егіліп, болжам бойынша әр гектарынан 25 центнерден 332 мың тонна шитті мақта жинау жоспарланып отыр.