Түркістан облысында биыл 76,8 мың тонна жеміс-жидек жиналған
Түркістан облысының климаттық жағдайы жеміс-жидек пен жүзім шаруашылығын дамытуға ең қолайлы өңір екені белгілі. Бүгінде облыста жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің барлық егіс көлемі – 30 мың гектарды алып жатыр. Оның ішінде жеміс – 19,5 мың гектар, жүзім – 10,5 мың гектарды құрайды.