Вторник, 22 Август 2017 05:28

Сайрамдық журналист Сайрамның «замәкімдігін» сұрап жүр ме?

Соңғы жылдары Сайрам жақтан шыққан журналистердің қызметте бағы жанып тұр. Олай дейтініміз, осы өңірден шыққан бір журналист былтыр Мәжіліс депутаттығына дейін өсіп кеткен болатын. Өкіметтің қызметін аяймыз ба? Өссін, өнсін.

Айтпағымыз ол жайлы емес. Айтқымыз келгені, осы өңірден шыққан тағы бір журналист таяуда атқарушы биліктің былғары орындығына жайғасып жатса, таң қалмаңыздар. Ұзынқұлақтардан естуімізше, ол Сайрам ауданы әкімінің орынбасарлығын сұрап жүрген көрінеді. Кім біледі, Мәжіліске депутат боп кеткен кісінің жолын берсе мұның да бағы жанып қалар. Алайда, Сайрам ауданының әкімінің де ол орынға қатысты өзінің «пландары» бар шығар...

Read 3283 times