Суббота, 22 Сентябрь 2018 12:00

Түркістан облысы: Созақ ауданында «Өмірімнің кейіпкері – өзіңсің» атты әлеуметтік-психологиялық жоба басталды

Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Өмірімнің кейіпкері – өзіңсің» атты әлеуметтік-психологиялық жоба бастау алды. 19 - 28 қыркүйек аралығында аудандағы барлық мектептерді аралап жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылатын болады.

Жобаның мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу,  қызды қырық үйден тыю, құқықбұзушылық пен зиянды әдеттердің алдын алу болып табылады. Аталмыщ жобаның тұсауы сәрсенбі, яғни, 19 қыркүйек күні Қ.Кемелұлы мектебінде, Қ.Сатпаев атындағы мектеп гимназиясында кесілді.

Семинарға Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі мен М.Әуезов, Қ. Кемелұлы және М.Мәметова атындағы жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Кездесуге жиынға аудандық аналар алқасының төрайымы, ардагер ұстаз Ырысты Райымқұлова, білім бөлімінің әдіскері Дидар Баяндиева, аудандық ішкі істер бөлімінің КТІЖ ЮПТ аға учаскелік полиция инспекторы Әбдіқадыр Әділбек, орталық нұсқаушысылары Айнұр Утебаева мен Ерұлан Байменов және орталық психологы Ләйла Ниязәліқызы қатысты.

Шара барасында жастармен көкейкесті мәселлеер талқыланып, жастарға психолигиялық, құқықтық, әлеуметтік кеңестер айтылды. Шара соңында жастарға арналған арнайы «кофе брейк» ұйымдастырылып, жастардың бір-бірімен араласуына, достықты нығайтуға жағдай жасалды.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 1008 times