Понедельник, 08 Октябрь 2018 17:04

Түркістан облысы: шардаралық ұстаздар облыс әкімінің құттықтауын тыңдады

Шардаралық бір топ ұстаз облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың ұстаздар қауымымен кездесіп, төл мерекемен құттықтауын онлайн режимде тыңдады. Облыс басшысының мемлекетімізде білім саласына айрықша назар аударылып, бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу ісіне лайықты түрде қолдау жасалынып жатқанын нақты мысалдармен әңгімелеп, өңіріміздегі мектептердің атын тек жақсы жағынан шығару үшін жұмыла жұмыс жасауға шақырған тілегіне аудан ұстаздары риза болды. 

Елбасымыз кеше ғана халыққа жолдаған Жолдауында барлықмұғалімдердіңкөкейіндежүргенмәселенідөпбасыпұстаз мәртебесін арттыру жөнінде өте құнды жоспар жасады. Біздің төл мерекемізге Президентіміздің осынау Жолдауы баға жетпес тарту болды десем жаңылыспаймын. Ал, енді қазір ғана Жансейіт Түймебаевтың ұстаздар туралы тебіреніспен айтқан сөздерін естіп, тағы марқайып отырмыз. Ұстаз жанын ұстаздан артық кім түсінеді, - дейді ардагер ұстаз Жамал Төлешова.

Онлайн режимде өткен жиын соңынан бір топ мұғалімдерге аудан әкімі Болатбек Қыстауовтың атынан сый-сияпаттар табыс етілді. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев пен аудандық білім бөлімінің басшысы Ақшагүл Бердалиева қала мен ауыл мектептерінде жемісті еңбек еткен ардагер ұстаздар Жамал Төлешоваға, Жаңылай Айдароваға, Зоя Мамаеваға, Әлия Зүлейге, Мұхамбет Мұңалбаевқа, Жорабек Сыздықовқа, Әбдірахман Сәменовке, Медеу Әшімбаевқа, Дариякүл Ұлықбаевға, Роза Шығанақоваға, С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сұлушаш Омароваға аудан әкімінің бағалы сыйлықтары мен гүл шоқтарын тарту етті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1053 times