Пятница, 09 Ноябрь 2018 11:18

Түркістан облысы: Кентауда көркемсөз оқудан «Тіл қазына» атты байқау өтеді

Кентау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Тіл-қазына» орыс тілінің білгірлері арасында көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында орыс тілін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу болып табылады.

Байқау мынадай тапсырмалардан тұрады екен: Қазақ (орыс тіліне аударған) және орыстың белгілі ақын-жазушыларының кез-келген көркем және драмалық шығармаларынан, өлеңдерінен үзінді оқуға болады. Байқау шарттары: оқылатын мәтін көлемі 2-3 минуттан аспауы керек; белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларынан үзінді оқуға болмайды; талапкерлер таңдап алған мәтіндерді жатқа білулері қажет.

Байқауға 15-19 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Кәсіби өнер саласының мамандары байқауға жіберілмейді. Байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахна әдебіне баса назар аударады. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқауға қатысу туралы өтініштер 2018 жылдың 19 қарашасына дейін қабылданады.Сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Ясауи даңғылы 85-үй, 4-қабат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, телефон: 3-53-12, 8 (702) 778 78 89, эл.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. .

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 1126 times