Суббота, 22 Июнь 2019 15:35

Түркістан: Мырзашөлде ақпараттық білім беру орталғы мен «балалар құқығы» жазғы мектебі өз жұмысын бастайды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбындағы мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде Ақпараттық-білім беру орталығын құруды және «Балалар құқығы» жазғы мектебін ашуды жоспарлап отыр.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Түркістан облысындағы Мырзашөл өңірінде құрылатын балаларға арналған ақпараттық-білім беру орталығында:Балаларды «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңымен таныстыру;ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсаттары мен оны жүзеге асырудың жай-күйімен таныстыру;Жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы туралы ақпарат беру және басқа да іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сонымен бірге «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің «Балалар құқығы» жазғы мектебінде балалардың құқықтары мен міндеттері туралы сабақтар жүргізіледі.

Түркістан облысының Мырзашөл өңіріндегі Ақпараттық-білім беру орталығы және «Балалар құқығы» жазғы мектебінің орналасатын жері – Жетісай ауданының Асықата кенті. Мырзашөл өңіріндегі Ақпараттық-білім беру орталығы және «Балалар құқығы» жазғы мектебінің ашылу мерзімі – 2019 жылғы 12 шілде.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 765 times