Воскресенье, 23 Июнь 2019 12:44

Түркістан облысы: Сарыағаштық оқушылар облыстық керуен-шеруге қатысты

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай облыстық білім басқармасының қолдауымен облыс оқушылары арасында «Облыс тарихы» атты керуен-шеру ұйымдастырылды. Керуен-шерудің негізгі мақсаты мен міндеті оқушылардың жазғы демалысын үнемді пайдалану, салауатты өмір салтын ұстанып рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, өскелең ұрпақты патироттыққа тәрбиелеу, облысымыздың табиғи, мәдени мұраларын дәріптеу және тарихи естеліктерді сақтауға баулу.

Керуен шерудің берілген шарттарына сәйкес Сарыағаш ауданының Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта мектебінен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім, жартылай жетім 10 оқушы қатысты. Бес күн бойы тарихи өлкелерді аралады. Бірінші күні Әзірет-Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорының музейімен танысты. Екінші күні Түркістан-Кентау бағыты бойынша «Үкаша-ата» кесенесіне барды. Оқушыларға арнап Түркістан қаласындағы Жеңіс саябағында сурет салу, түрлі ойын-сауық ойындары ұйымдастырылды. Үшінші күні Түркістан-Отырар бағыты бойынша «Арыстанбаб кесенесі», «Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін» аралады. Түркістан қаласындағы Есімхан алаңында Түркістан облысының құрылуына 1 жыл толуына орай өткізілген шоу-концертін тамашалады.

Төртінші күні Түркістан Сауран бағыты бойынша құм жұтқан - Сауран қалашығымен танысты. Түркістан қаласындағы «Мегасити-Түркістан» ойын-сауық орталығына саяхат жасады. Бесінші күні керуен-шерудің шарты бойынша фотоэтюд-әрбір баға жетпес жәдігердің тарихына үңіле келіп, суретке түсіріп, фотоалбом жасады, сөзжұмбақтар сайысы (тарихи өлкелерден көрген өз әсерін сөз шеберлігімен жеткізу), сұрақ-жауап сайыстары өткізілді. Ауданымыздан керуен-шеруге қатысқан оқушыларымызға сертификаттар берілді, өздерінің шығармашылық қабілетін көрсете білген оқушыларымызОспанова Жаркынай 1 дәрежелі диплом және Шигапова Ивелина 3 дәрежелі диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 852 times